«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ энергетиктері №595 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциясына жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Қосалқы станцияда мынадай кешенді жұмыстар атқарылуда: №1 0,4 кВ шиналар секциясының 0,4 кВ тарату құрылғысының жабдықтарын, Т-1 күштік трансформаторын тексеру және тазалау, сондай-ақ ғимарат периметрі бойынша жабайы өскен бұталарды кесу.


Бұл жұмыстардың мақсаты — Жамбыл Жабаев және Борис Петров көшелерінің шекарасында тұратын тұтынушыларды үздіксіз және сенімді электр қуатымен қамтамасыз ету.