«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ энергетиктері №155 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциясын күрделі жөндеу жұмыстарына кірісті.

Мамандар ғимарат қасбетін жөндеу жұмыстарын орындады. Қазіргі уақытта есіктерді жөндеу жүргізілуде.

Бұдан әрі №155 трансформаторлық қосалқы станциясында мынадай жұмыстар кешені жүргізіледі:

10 кВ тарату құрылғысының жабдықтарын ауыстыру

Т-1 және Т-2 күштік трансформаторларын ауыстыру.

Күштік трансформаторлардың астына негіздерді монтаждау.

0,4 кВ тарату құрылғысын жөндеу.

Жарықтандыру мен жерге тұйықтау контурын жөндеу.

Жабдықтарды бояу.

Жоғары вольтты сынақтар.

Жөндеу жұмыстарының мақсаты — Алматы, Тоқсан би, Чайковский, Васильев көшелерінің шекарасында тұратын тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін арттыру.