«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қызметкерлері «Бройлер құс фабрикасы» 35/10 кВ қосалқы станциясынан шығатын кернеуі 10 кВ №8 фидер әуе электр желісіне күрделі жөндеу жүргізуде.
Жұмысқа 5 энергетик және 2 бірлік арнайы техника тартылған. Бригада 2 км сымды, 90 оқшаулауды, 12 траверсті, 12 тіректі және 3 желілік ажыратқышты ауыстырады. Сонымен қатар, желі бойындағы ағаш-бұта өскіндерін тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл іс-шаралар кешені Қызылжар ауданы Белое ауылы тұрғындарын электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін қолға алынған жүргізуліде.

