Энергетиктер «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының ұжымдары жайлы және экологиялық орта құруға үлес қосу үшін кезекті сенбілікке шықты. Петропавлда және облыстың 8 ауданында энергетиктер бордюрлерді, ағаштар мен бұталарды әктеді, орындықтар мен көше шамдарын сырлады, сондай-ақ көршілес аумақтардағы қоқыстарды шығарды.
Тазалық пен тәртіп әркімнің жеке жауапкершілігінен басталатынына, сенімдіміз. Мұндай акциялар аумақты өзгертіп қана қоймай, адамдарды біріктіріп, табиғат пен қоғамдық кеңістіктерге қамқорлық жасауға шабыттандырады.
Барлық тұрғындарды осындай іс-шараларға қатысуға шақырамыз, өйткені біз бірге ғана қаламызды, ауылдарымызды одан да таза және жайлы ете аламыз!
Айта кету керек, "Солтүстік Қазақстан ЭТК" АҚ-да, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-да және Петропавл 2-ЖЭО-да сенбіліктер апта сайын өткізіледі.