«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ энергетиктеріне еріктілік қызметі үшін алғыс айтылды. Халықаралық еркітілер күні қарсаңында «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының «Birgemiz» еріктілік алдыңғы -кеңседен Алғыс хаттармен марапатталды.
Маргарита Фадеева, Наталья Шкурина және Татьяна Кузина М.Жұмабаев электр желістік ауданы Возвышенка жөндеу-өндірістік базасының электр энергиясын тарату жөніндегі тобының бақылаушылары болып жұмыс істейді, ал бос уақыттарында ең мұқтаж жандарға көңіл бөледі.
Қыздар ауыр науқас балаларға, жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге және қиын өмірлік жағдайға тап болған кез-келген адамға белсенді түрде көмектеседі. Маргарита, Наталья және Татьяна балалар мерекелерін ұйымдастырады, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қабірлерін тазалап, өрттен кейін тұрғын үйлерді қалпына келтіруге қатысады.
«Еріктілікпен бір жыл айналысамын, бұл менің саналы таңдауым. Және де мен сенемін: жақсылық жаса, сонда ол саған қайтып келеді» – Маргарита Фадеева дейді.
Біз жүрегі кең мамандармен жұмыс істегенімізді мақтанамыз. Мұндай жағдайлар біздің компанияның маңызды құндылығы-өз энергиясымен өмірді жақсы жаққа өзгертетін, адамдар екенін растайды.
.png)

