174 жыл деген не? Бұл оқулыққа сыймайтын тарих. Бұл бір отбасының- Фоминых-Запорощенко әулетінің - жалпы еңбек өтілі. Олар- жоғары кәсіпқойлық пен сүйіспеншіліктің қымбат отбасылық мұраға айналуының тірі мысалы.

Фоминых-Запорощенко отбасы– бұл үш ұрпақ, олардың өмірі «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-мен тығыз байланысты. Әулеттің басталуын 47 жыл энергетикаға арнаған және аймақтың барлық қосалқы станцияларының құрылысына қатысқан, Александр Фоминых.Бұдан басқа, оның жұбайы Галина отбасының сенімді тылын қолдай отыра, 26 жыл кәсіпорында жұмыс істеді.

Олардың балалары сабақтастықтың үлгісі бола отырып, істі жалғастырды: ұлдары Сергей мен Юрий 1995 жылдан бастап қосалқы станциялар қызметінде электромонтер болып жұмыс істейді. Қызы - Оксана Запорощенко жөндеулерді жоспарлау және дайындау бөлімінің жетекші инженеріне дейін көтерілді, ал оның жұбайы - Павелға «Құрметті энергетик» атағы берілді. Қазіргі таңда екінші ұрпақ Александр Николаевич құрған жабдықты пайдалануға және жөндеуге жауапкершілік арқалайды.

Және бұл әлі финал емес! Үшінші ұрпақ, Александр мен Галина Фоминыхтың немерелері эстафетаны қабылдады. Александр, Артём және Сергей отбасылық салада белсенді еңбек етеді, ал жас Илья отбасылық қатарға кіру үшін оқып жатыр.

«Ата-баба ісін жалғастыру-тек мамандық емес. Біз үшін бұл абырой, олардың жылдар бойы жасаған істері үшін үлкен жауапкершілік және, әрине, біздің отбасылық заңымыз» -деп, Петропавл 2-ЖЭО жылу автоматика және өлшеулер цехының электр слесарі - Александр Фоминых өз ойымен бөлісті.

Жалпы еңбек өтілі 174 жыл есептелетін, Фоминых-Запорощенко әулеті, аймақтық энергия жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығының символы болып саналады. Энергетик күні қарсаңында олардың тарихы ерекше маңызға ие: бұл ұрпақтар арқылы шынайы берілгендіктің айқын мысалы.