«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры: «Жылу энергия өндірісінің келешектегі сенімділігіне кепіл болу үшін біз жабдықтарымыздың жаңғыртылуына инвестиция жасаймыз»
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2ЖЭО-нда БАҚ мен қоғам өкілдері үшін ақпараттық тур өткізілді. Шара барысында компанияның ең маңызды жобасы №2 қазанагрегаты реконструкциясының қалай жасалып жатқаны көрсетілді.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский журналистер мен аймақтық комитетінің мүшелеріне жұмыстардың ауқымын көрсетті және бұл жұмыстарының стратегиялық маңыздылығын түсіндірді.
«Жылу энергия өндірісінің келешектегі сенімділігіне кепіл болу үшін біз жабдықтарымыздың жаңғыртылуына инвестиция жасаймыз, - деді Анатолий Казановский. – Экологиялық тиімділігі мен қоршаған ортаға әсер етуін азайту мәселесіне ерекше назар аударылады. Барлық жұмыстар мемлекеттік қаржыландыруды тартпастан, қаржаландыруы кәсіпорынның өз қаражаты арқылы жасалатыны өте маңызды».
2025 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ инвестицияларының жалпы көлемі, реттеуші органдарының бұйрықтарымен дәлелденген, 4,25 млрд теңге құрайды. Бұл қаражат үш негізгі бағытқа жұмсалады:
- №2 қазан агрегатының реконструкциясы: 3 млрд 26 млн теңге.
- Жылу қуатын беру сызбасының реконструкциясы: 706 млн теңге.
- Пик бойлері мен №6 қондырғының негізгі бойлерлерін ауыстыру: 518 млн теңге.
№2 қазан агрегатының реконструкциясы – бұл компанияның жабдықтарды жаңғырту бойынша көп жылдық стратегиясының бір бөлігі. Бұл жоба Екібастұз көмірінде жұмыс жасауға арналған өнімділігі бір сағатта 240 тонна бу беретін Е-240-9,8-540 КТ жаңа бу қазанынның орнатылуын қарастырады.
Қазанның толық реконструкциясы 28 млрд теңгеден астам сомаға бағаланады. Бүгінгі таңда жұмыстардың көбі жасалды:
- Қазан пешінің карқасы мен қызмет көрсету алаңшасы жасалды.
- Экрандар мен жанарғысы орнатылды.
- Бу қыздырғышының элементтері жинақталды.
- Буды қайта қосу құбыр өткізгіштері орнатылды.
Жобаның аяқталуы мен қазанды пайдалануға енгізу жұмыстары 2027 жылына жоспарланды. Энергетиканы жаңғырту қорытындысы бойынша сапалы жақсартулардың бірқатары күтілуде:
- Қазанның ПӘК 2,7%-ға өседі, ол экономикалық тиімділігін көтереді.
- Азот тотығының ауаға лақтырылуы (NOx) 30,9%-ға азаяды, ол қоршаған ортаға жүктемені біраз азайтады.
- Жабдықтардың тозығы 73,34%-ға төмендейді.
- Заманауй қатаң экологиялық нормативтерге толығымен сәйкес келеді.
- Нысанды 40 жыл бойы сенімді және үзіліссіз пайдалануын қамтамасыз ету.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ инвестициялық бағдарламасының орындалуы жылу энергияның сенімділігін көтеруімен қатар кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады, және де аймақ экологиясының қорғалуына елеулі үлес қосады.
Анықтама: Петропавл 2ЖЭО – 1961 жылы пайдалануға енгізілген жылуэнергоорталығы. Стансаның орнатылған электр қуаты 541 МВт құрайды, жылу қуаты – 713 Гкал/с. құрайды.