«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің энергетикалық бейіндегі 1-4 курс студенттерімен ашық кездесу өткізді.
Болашақ энергетиктер бейресми жағдайда жиналды, онда Анатолий Казановский өзінің электромонтер ретіндегі кәсіби өсуі туралы әңгімемен бөлісті, энергетика саласының болашағын ашты, сонымен қатар студенттерге нақты өндірістік тәжірибе алуға мүмкіндік беретін қолдау бағдарламалары, дуальды оқыту және тағылымдамалар туралы айтты. Бас директормен қатар «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компнаиялар тобының қызметкерлері- Петропавл 2-ЖЭО қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері- Архат Керимов, Петропавл 2-ЖЭО қазандық цехы бастығының жөндеу жөніндегі орынбасары -Станислав Лукьянов және «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС жөндеулер басқармасы бас инженердің міндетін атқарушы Алексей Федосов сөз сөйледі. Олар өздерінің кәсіби жетістіктері, сондай-ақ корпоративті өмір туралы айтты.
«Энергетик мамандығы өте жауапты, бірақ сонымен бірге сұранысқа ие. Қарапайым лауазымдардан бастаудан қорықпаңыз, өйткені дәл осы жерде сіз кез-келген табысты адамға қажетті таптырмас практикалық тәжірибе аласыз» –деп, Анатолий Казановский атап өтті.
Балалар, белсенді диалог форматы, оның барысында спикерлер сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар энергетика саласының преспективалары туралы нақты көрініс беріп, тақырыпқа терең араласуды қамтамасыз етіп, студенттерге өздерін үлкен энергетикалық болашақтың бір бөлігі ретінде көруге көмектескенін, атап өтті.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ басшылығы жас мамандарды қолдауға қызуғышылық танытады. Энергетиктер студенттермен ашық диалогты құра отыра, бағалы тәжірибемен бөлісіп қана қоймай, жас мамандарға ең маңызды және тұрақты салалардың бірі-энергетикамен байланыстырып,саналы түрде өз жолын таңдауға көмектеседі.
.png)

