«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО жобалау-құрастырмалық бөлімінің бастығы Геннадий Илгунов Almaty Marathon 2026 марафонына қатысып, 21,1 шақырымдық қашықтықты өтті.
Бұл Геннадийдің тоғызыншы жартылай марафоны болды. Бұған дейін ол Астана, Көкшетау, Зеренді және Омбы қалаларында өткен жарыстарға қатысқан.
Бұл марафонда 16 мыңнан астам адам жүгірді. Геннадий алдағы уақытта да жарыстарға қатысып, түрлі қашықтықтарды бағындыруды жоспарлап отыр.
Әріптесімізге жарқын эмоциялар мен жаңа жеке жетістіктер тілейміз!
