Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жетістіктерінің қоржыны ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті мен СҚО Кәсіподақтар орталығының екі бірдей марапатымен толықты:
«Үздік қауіпсіздік қызметі» — қауіпсіздік мәдениетінің жоғары деңгейі және профилактикалық жұмыстар үшін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасына Алғыс хат табысталды.

«Үздік техникалық инспектор» — қауіпсіз еңбек жағдайларына белсенді қоғамдық бақылау жасағаны үшін «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ электр желілері ауданының Шал ақын қосалқы станцияларды жөндеу тобының электр қосалқы станциясының бастығы Юрий Кичигин Құрмет грамотасымен марапатталды.

Әріптестерімізді лайықты еңбектің баңалануымен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз — аймақтың энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы құрылатын іргетас.