«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының өкілдері М.Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен кездесті және Компанияның өзекті бос жұмыс орындарын ұсынды.
Бізге әртүрлі профильді мамандар қажет: инженерлер, слесарьлар, дәнекерлеушілер, машинистар, монтерлар, персонал жөніндегі маман, фельдшер.
Өзінің мансаптық жолын бастайтын, жас ізденушілер үшін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да PROFENERGY қолдау бағдарламасы бар. Бағдарлама қатысушылары алады:
✅Жазғы кезеңге тағылымдаманы және жұмысқа орналастыру;
✅ «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарына арналған атаулы стипендия;
✅ Ақылы өндірістік және диплом алдындағы практика.
Сондай-ақ біз ұсынамыз:
✅Дуалдық оқыту- білім беру үдерісінен қол үзбей практикалық адғдыларды алу;
✅Кәсіпорынның жетекші мамандарынан бастаушы мамандар үшін тәлімгерлік;
✅Қызметкерлерге арналған жатақхана.
Сондай-ақ еске саламыз, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті КЕАҚ» ынтымақтастығы меморандуммен бекітілді. Құжат студенттерге бірегей мүмкіндіктер ашатын, серіктестік пен қолдауды қамтамасыз етеді:
- Энергетикалық саладағы ғылыми бірлескен ізденістер;
-Тағылымдама бағдарламалары, дуальдық оқыту және біліктілікті арттыру;
- Жаңадан бастаушы эксперименттер мен технологиялар үшін университеттің зертханалық базасын және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының өндірістік қуаттылығын қолдану.
-Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын қоса алғанда, компаниялармен және ЖОО-менбірлескен жобаларға қатысу.
Өзекті бос жұмыс орындар:
Біздің сайтта: sevkazenergo.kz («Бос жұмыс орын» қойындысы)
Анықтама телефоны: +7 (7152) 34-44-60 

