«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-ның Қайта құру және жаңғырту басқармасының ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануды ұйымдастыру және жөндеу жөніндегі инженері Даниил Вильд Алматы қаласында өткен Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің XII Халықаралық фестивалінде ІІІ орынға ие болды.

Байқауда әріптесіміз «Тез тұрғызылатын конструкциялардан модульдік өрт сөндіру депосының жобасын әзірлеу» атты дипломдық жобасын таныстырды. Даниил халықты және қалалық инфрақұрылым объектілерін өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің маңызды мәселесін көтерді. Ұсынылған шешімдердің арқасында өрт сөндіру деполарын салу жылдамырақ, үнемді әрі дәлірек болады.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының ұжымы Даниил Вильдті халықаралық фестивальге сәтті қатысуымен құттықтайды және оған алдағы уақытта кәсіби жеңістер, жаңа идеялар мен ең жаңашыл инженерлік жобалардың жүзеге асырылуын тілейді!