СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Компаниялар тобында «Таза бейсенбі» экологиялық науқаны жалғасуда. «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ және Петропавл 2-ЖЭО энергетиктері бекітілген аумақтарды тазалауға тұрақты түрде шығып, тазалық пен тәртіпті сақтап келеді. 


Тамыз айында тазалық жұмыстарына Петропавл 2-ЖЭО-ның 35 қызметкері қатысты. Энергетиктер 2 бірлік арнайы техниканың көмегімен 3 тонна қоқыс жинап, шығарды. Сонымен қатар, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-ның 124 энергетигі 4 бірлік арнайы техниканың қолдауымен 2 тоннаға жуық қалдықты полигонға жөнелтті.


Белсенді қатысқандарыңыз бен бейжай қарамағандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамыз! Біз бірге айналамызды жайлы әрі таза етеміз!