«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Компаниялар тобында «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда. «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ және Петропавл 2-ЖЭО энергетиктері бекітілген аумақтарда тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргізеді.


Шілде айында тазалық шарасына «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-ның 115 қызметкері қатысты. 5 бірлік арнайы техниканың көмегімен 3 тонна қоқыс жиналды. Сондай-ақ Петропавл 2-ЖЭО-ның 352 энергетигі бірлескен күшімен және 15 бірлік арнайы техниканың қолдауымен 4 тоннаға жуық қалдықты шығарды.


Өңіріміздің тазалығы мен экологиясына қосқан үлесі үшін әрқайсыңызға алғыс айтамыз! Біздің тазалық марафонымыз жалғасуда.