2025 жылғы 28 сәуірде "Петропавл Жылу Жүйелері" ЖШС жылу энергетиктері Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жылу тасығыштың максималды температурасына жоспарлы сынақтар жүргізді.
Тексеру барысында жылу желісі элементтерінің өтемдік қуаты бағаланды, осының нәтижесінде компания желілерінде 5 кішігірім технологиялық зақымдану және тұтынушы тарапында бір бұзушылық анықталды.
Кәсіпорын мамандары тұтынушыларға элеваторлық қосылымдары бар жылу жүйелерінде металл пластикалық құбырларды пайдалануды тоқтатуды ұсынады, сондай-ақ 2025-2026 жылдардың жылыту маусымына алдын-ала дайындықты бастауға шақырады.
Компания жылу жабдығын уақтылы тексеру және қызмет көрсету – суық кезеңде жылумен жабдықтау жүйесінің үздіксіз кепілі екендігін, еске салады.