Жоғары шоттарды оңтайландыруға болады.Біз, үйде тоңбай, отбасылық бюджетті үнемдей отырып, шығындарды азайтуға көмектесетін, шараларды жинадық.

  1. Жылу энергиясын есепке алатын аспапты орнатыңдар.

Нормативтер бойынша емес, факті бойынша төлеу- бұл үнемдеуге бірінші қадам.

«Петропавлда жылыту маусымы қыркүйекте басталады, бірақ ауа райы көбінесе кіретін жылу энергиясының мөлшерін ыңғайлы мәндерге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Есепке алу аспабы орнатылған, үйлердің және аспап жоқ үйлердің арасындағы жылу энергиясы үшін есептеулердің айырмашылығы 70%-ға жетуі мүмкін»-деп, «Петропавл жылу Жүйелері» ЖШС бас директорының міндетін орындаушы Виталий Холоша түсіндірді.

  1. Батарейлердегі термореттегішті пайдаланыңдар.

Егер сіздерде есептегіштер орнатылған болса, батарейлердегі термореттегіштер әр бөлмедегі температураны басқаруға мүмкіндік береді. «Көшені жылытпаңдар», жәй ғана жылу тасығышты беруді азайту керек.

«Жертөлелер мен шатырларға назар аударыңдар. Көбінесе, сол жерлерден жылу кетеді. Жылу түсіргіштермен жылудың кетуін кәсіби талдау сіздің үйіңіздің жылуды қай жерде шығатынын анықтауға, көмектеседі.Ғимараттың сыртқы тігістерін оқшаулаңдар, саңылауларды бітеңдер, бұл шаралар тұрғын үйдің жылуын сақтауға көмектеседі»-деп,Виталий Холоша ұсынды.

  1. Терезелерді оқшаулаңдар немесе ауыстырыңдар.

Ескі ағаш жақтаулар желдің көзі болып табылады және оларды заманауи әйнекпакеттерге ауыстыру ұзақ мерзімді үнемдеуше көмектеседі. Егер ауыстырылмаған жағдайда, жақтаулар үшін оқшаулауды қолданыңдар.

  1. Радиатор секцияларының санын ойланбастан көбейтпеңдер.

Бұл тәсіл бүкіл жүйені ауырлатады және жалпы жылу шығынын арттырады.

  1. Үйлеріңнің жобалық шешімдерін сақтаңдар.

Көптеген көпқабатты үйлер суық ауадан қорғау үшін кіре берістерде тамбурлармен жобаланған. Екінші есіктерді бөлшектеу жылу шығындарына әкеледі.

  1. Көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары жылыту жүйесінің жағдайын бірлескен күш-жігермен бақылау керек.

«МИБ, ПИК төрағалары тұрғындармен бірлесіп, энергия үнемдеуші іс-шараларға, әсіресе жаз мезігілінде мұқият қарау керек.Үйдің жылыту жүйесіне уақытында қысуды жүргізу, қызмет көрсететін, персонал жылыту жүйесін басқаруды үйренгеніне көз жеткізу керек» - деп, Виталий Холоша кеңес берді.

Жылуды тиімді пайдалану тек ақша үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар қалалық жылу желісіне түсетін жүктемені де азайтады.Термореттегішті орнатудан бастап, бүкіл үйіңізді оқшаулауға дейін, әрбір қадам сендерді жайлы үй температурасына жақындатады және жылыту шығындарын айтарлықтай төмендетеді.