«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ командасы «ОАЭК» АҚ - 2026 спартакиадасына дайын!


6 және 7 тамызда елордада 9 ең мықты команда бас қосады. Энергетиктер келесі спорт түрлерінен бақ сынайды:


Үстел теннисі
Шағын футбол
Киберспорт
Черлидинг
Шахмат
Бильярд


Спорттың алты түрі, ондаған жаттығулар, тактика туралы пікірталастар мен әріптестердің күнделікті қолдауы. Әркім дайындыққа өз уақыты мен күш-жігерін жұмсады. ОАЭК-2026 Спартакиадасының Кубогы кімге бұйыратыны екі күнге созылатын тартысты жарыстардың қорытындысы бойынша анықталады.


Біз бәріміз әртүрлі бөлімшелерденбіз, бағыттарымыз бен ерекшеліктеріміз де әртүрлі, бірақ басымыз қосылғанда — біз «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның бір үлкен ұжымымыз. Жүректерге от беретін команда!


Спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Энрегетиктердің басты қуаты – сіздердің қолдауларыңыз!