Петропавл 2-ЖЭО командасы жаңа сын-қатерге дайын!

24 және 25 қыркүйекте Петропавл 2-ЖЭО командасы жедел қызметкерлердің кәсіби шеберлік жарысына қатысады.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-дан шақырту алған біздің энергетиктеріміз өз шеберліктерін көрсетуге аттанбақ.

Қатысушыларды 6 кезең күтіп тұр, онда олар энергетиктің күнделікті жұмысына қажетті білімі мен дағдыларын көрсетуі тиіс:

кәсіби білімді тестілеу
нарядтық-рұқсат беру жүйесі бойынша білімді тексеру
дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету
өртті сөндіру
Жедел персоналдың практикалық дағдыларын тексеру
Алдыда екі күндік кәсіби сынақтар, тәжірибе алмасу және шеберлікті іс жүзінде көрсету мүмкіндігі күтіп тұр.

Әріптестерімізге сенімділік, дәлдік және лайықты нәтиже тілейміз!