«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да 70-тен астам энергетиктің басын қосқан жастар конвенті өтті. Шараға Петропавл 2-ЖЭО, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас кеңсесі мен «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қызметкерлері, соның ішінде облыс аудандарынан келген мамандар қатысты.

Бұл кездесу тәжірибе алмасуға, кәсіби араласуға және жаңа идеялар тудыруға арналған алаңға айналды.

«Біздің міндетіміз – сіздерден тек көшбасшыларды ғана емес, болашақта біздің орнымызды басатын жаңа буынды тәрбиелеу. Осы мақсатта «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобындағы сіздердің мансаптық өсу кезеңдеріңізді айқындау, сондай-ақ 2027 жылға арналған жұмыс жоспарын дайындау қажет. Ертеңгі күні саламыздың қандай болатынын дәл сіздердің қуаттарыңыз, білімдеріңіз бен алға ұмтылыстарыңыз анықтайды», – деп атап өтті «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский.

Конвент бағдарламасында тренингтер, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобы кәсіпорындарының басшыларымен ашық диалогтар және еркін араласу форматы қамтылды. Қатысушылар кәсіби білімдерін кеңейтуге, өзекті мәселелерді талқылауға, пікірлестер табуға және пайдалы байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.

«Мен жаңа қызметкермін, сондықтан мұндай іс-шараларға қатысу мен үшін өте пайдалы. Конвент жоғары деңгейде ұйымдастырылған: бағдарламасы қызықты, спикерлері жақсы және жаңа нәрселерді үйренуге мүмкіндік мол. Мұндай кездесулер ұжымға тезірек бейімделуге, саланың ерекшелігін тереңірек түсінуге және кәсіби тұрғыдан өсуге қосымша мотивация алуға көмектеседі», – деп бөлісті «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ хатшылығының іс жүргізушісі Даяна Зұлқарнай.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жастар конвенті компанияның жастар қозғалысын одан әрі дамытудың бастау нүктесі болды.