Петропавл 2ЖЭО қазан шеберханасының қазан тазалаушысы Болат Малдыбаев  III дәрежедегі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Энергетикке Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарта Токаев атынан  награданы мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин табыстады. Әріптесіміз 30 жыл жұмыс жасап келеді, бұл награда – жұмысшы шеберлігінің жоғары бағалауы

Болат Малдыбаев 1995 жылы қарашада стансаға келді және содан бері ол ең жауапты учаскелерінің бірі –қазан шеберханасында жұмыс жасап келеді. Оның күнделікті жұмысы қазан агрегаттарына техникалық қызмет көрсету және оларды тазартуымен  байланысты. Әріптесіміз қыздыратын жабдықтародың үстін, газ қалдықтарын және ауаны қыздыру элементтерін  механикалық және химиялық тазарту бойынша әдістерін жетік біледі.

Әріптестер Болатты сенімді және техникалық сауатты болғаны үшін бағалайды. Ұжымда оны тіл табыса білетін және сабырлы адам ретінде біледі, ол әрқашан көмекке келуге және жайлы жұмыс жағдайын қолдауға дайын. Барлық еңбек жолы бойы әріптесіміз кәсіпорын кәсіподақ ұйымының тұрақты белсенді мүшесі болып табылады. Оның кәсібіне деген адалдығы, мықты тәртібі отыз жылдар бойы компания жас мамандары үшін үлгі болып табылады.

III дәрежедегі «Еңбек Даңқы» ордені– Болат Малдыбаевтың аймақ энергетикасының дамуына қосқан үлесінің жоғары мемлекеттік бағалауы. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындары тобының ұжымы атынан Малдыбаев Болатты осы жоғары марапатпен құттықтаймыз! Оның адал еңбегі біздің жалпы ісімізге қосқан бағасы жоғары үлесі.

Үздік энергетиктер осында жұмыс жасайды!