«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-да ТЭМ-9 маневрлік тепловоз пайдалануға берілді. Локомотивті сатып алу өндірістік қорларды жаңғыртуға бағытталған, кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасымен қарастырылған.
Жаңа тепловоздың негізгі міндеті-ЖЭО технологиялық учаскесінде көмірді үздіксіз жеткізу және түсіруді қамтамасыз ету. Бұл кезең жылу және электр энергиясын өндірудің бүкіл процесі үшін бастапқы және негізгі кезең болып табылады.
Конструкция 50 метр ең аз иілу радиусы бар теміржол жолдарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұл станция аумағындағы жұмыс үшін өте маңызды. Локомотив негзгі жүйелердің жұмысын бақылау және диагностикалау үшін микропроцессорлық жүйемен жабдықталған. Онда екі толық жұмыс істейтін басқару панелі, панорамалық терезелер, климаттық бақылау жүйесі және эргономикалық орындықтар орнатылған.
«Бұл негізгі активтерді жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс деп, Петропавл 2-ЖЭО отын-көлік цехының бастығы -Андрей Некрасов атап өтті. — Заманауи және тиімді жабдықтарға назар аудара отыра, біз отынды түсіруден бастап желіге электрмен жабдықтауға дейінгі барлық өндірістік циклдің сенімділігін арттырамыз. Әрбір жоба аймақтың энергетикалық тұрақтылығына ықпал етеді».
Осылайша, жаңа ТЭМ-9 — жәй локомотив емес,Петропавл 2-ЖЭО-ның негізгі міндетін -жылу және электр энергиясын үздіксіз өндіруді қамтамасыз етуді орындаудың маңызды құралы болып табылады.
.png)

