«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ объектілерінде автоматтандырылған мониторинг жүйелерін монтаждау аяқталды
Петропавл 2-ЖЭО-да мамандар монтаждау жұмыстарын аяқтап, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес орнатылған, автоматтандырылған мониторинг (АМЖ) жүйелері кешенін іске қосты. Жабдық Есіл өзеніне құятын және атмосфераға шығарындылар көздеріне -№3 түтін мұржасына және Петропавл 2-ЖЭО жаңа түтін мұржасына орнатылды. Қазіргі таңда жүйе жұмыс істеп тұр, алайда оны мердігерден ресми қабылдау процесі әлі аяқталған жоқ.
Жоаның негізгі элементі Есіл өзеніне құятын су құбырындағы ластаушы заттардың төгілуін бақылау үшін АМЖ орнату және іске қосу болады. Сынақ режимінде іске қосылған жүйе Белое көлінен нормаивті-таза су ағызылатын кезеңде судың сапасын бақылауға арналған. Орнатылған жабдық нақты уақыт режимінде негізгі көрсеткіштерді бақылайды:
·су шығыны (м³/сағ);
· температура (°C);
· сутегі көрсеткіші (рН);
· электр өткізгіштік (мкСм);
· лайлану (ЕМФ/л).
Ретке келтірілген жабдық әр 20 минут сайын орташа деректерді қалыптастырады, оларды мұрағаттайды және автоматты түрде «Қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесіне жібереді. Мұрағатталған ақпаратты сақтау мерзімі 5 жыл.
Бұрын кәсіпорынның үшінші және жаңа түтін мұржаларында АМЖ жүйелерін орнату және іске қосу да аяқталды. Орнатылған жүйелер белгіленген нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ете отырып, ластаушы заттардың шығарындыларының көлемін тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.
«Мониторгтің автоматтандырылған жүйелерін орнатуды аяқтау және іске қосу экологиялық ашықтық пен жауапкершілікке жету жолындағы маңызды кезең болып табылады-деп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау басармасының бастығы- Николай Максимов түсіндіреді. — Біз нақты уақыт режимінде кәсіпорының су мен ауа жағдайына әсері туралы жалпы деректерді беретін заманауи жабдықты орнатуды аяқтап, іске қостық. Қазіргі таңда біз мердігерден орнатылған жүйелерді қабылдап жатырмыз».
Негізгі әсер ету көздерін мониторгтің автоматтандырылған жүйелерін іске қосу «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ экологиялық саясатын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады.