Петропавл 2-ЖЭО-да Қарттар күні қарсаңында ерекше жылы атмосфера болды. Кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы тағы да ардагерлерді -өмірбаяны станция тарихымен ажырамас адамдарды жинады. Кең дастархан басындағы бейресми кездесу, ресми кездесуден гөрі отбасылық шараға ұқсады.
Шынайы тілектер айтылып, күнделікті жұмыс, құрылыс алаңдары, агрегаттардың іске қосылуы туралы өткен тарихтан сыр шертті. Естеліктер немерелері,саяжайдағы қарбаластар мен жаңа қызығушылықтар туралы біртіндеп айтыла бастады.Шығармашылық нөмірлер кездесуде ерекше көңіл-күй сыйлады:ардагерлер жастық шақтағы әндерді жастық құмарлықпен орындады, тіпті кейбіреулері өз шығармаларынан әсерлі, шынайы өлеңдерін оқыды.
«Мұндай кездесулер жай ғана құрмет емес, ол біздің тарихымыз —деп, кәсіподақ ұйымының төрайымы- Ольга Зозуля ойымен бөлісті. — Олардың көздерінің жарқырағанын көріп, шынайы сөздерін естиміз. Біз үшін олардың еңбектерінің ұмытылмайтынын және өздері де 2-ЖЭО үлкен отбасының бір бөлігі болып қала беретінін білу өте маңызды».
Бұл жыл сайынғы салт-жоралғы емес, қастерлі дәстүр. Бұл дәуірлер мен тәжірибелерді байланыстыратын көпір, энергетиктердің жаңа буындарына кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар ардагерлер өмір бойы жүргізген кәсіпорынға деген адалдықты үйренуге мүмкіндік береді.