Петропавл 2-ЖЭО-да №4 турбоагрегатты күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта турбоагрегат блоктарын ашу, жоғары, орташа және төмен қысымды ағынды бөлікті бөлшектеу, роторды бөлшектеу, бірінші блокты шығару, жанасуды тексеру, шаблау, блокты монтаждау, жоғары және төмен қысымды регенерацияны жөндеу, сондай-ақ генератор роторы желдеткіштерінің қалақшаларын демонтаждау жұмыстары орындалды.
Турбина роторын тұз шөгінділерінен тазарту, ақаулықтарды анықтау, металды бақылау, ротор мойнақтары мен тірек қырларын тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қатарлас уақытта турбоагрегаттың сорғы жабдықтарын кейіннен жөндеу үшін ақаулықтарды анықтау, төмен және жоғары қысымды тиек арматурасын және салқындатқыш су арматурасын жөндеу, генератор роторы желдеткіштері қалақшаларының бандаж сақиналарының ақауларын табу жұмыстары жүргізілуде.

Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сай орындалып жатыр. Негізгі мақсаттар — жабдықтардың тозуын азайту, технологиялық бұзылуларды барынша азайту және жылыту маусымында станцияның сенімділігін арттыру.