Петропавл 2-ЖЭО-да 9, 10, 11-секциялардағы кешенді тарату құрылғыларының (6 кВ КТҚ) ұяшықтарын ауыстыру бойынша электр техникалық жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі таңда бақылау және күштік кабельдерді ауыстыру жұмыстары аяқталып, 9-секцияда іске қосу-баптау жұмыстарының толық циклі жүргізілді.
Жабдық пайдалануға берілді.
Қазіргі уақытта № 10 секция ұяшықтарын бөлшектеу, сондай-ақ № 11 секция жабдықтарын монтаждау жұмыстары атқарылып жатыр.

