Қазіргі уақытта қазандық цехында № 9, 10 және 11 қазандық агрегаттарында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«№ 9 қазандық агрегатында қосымша жабдықтарды жөндеу аяқталды. Қыздыру беттерін монтаждау бойынша қорытынды жұмыстар орындалуда, жабдықты іске қосу-баптау жұмыстарына дайындау жүріп жатыр» - деп атап өтті Петропавл 2-ЖЭО қазандық цехы бастығының жөндеу жөніндегі орынбасары Станислав Лукьянов.

№ 10 және 11 қазандық агрегаттарында қосымша жабдықтарды жөндеу аяқталды. Қыздыру беттерін және қыздырылмайтын аймақ құбырларын монтаждау жұмыстары жалғасуда.