Бүгін Петропавл 2-ЖЭО-да жоспарлы өрт сөндіру және тактикалық оқу-жаттығулар өтті. Бірлескен оқу-жаттығу шараларына Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, қалалық өзара әрекеттесу қызметтері және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жедел қызметкерлері қатысты.
Жаттығу сценарийі бойынша ашық тарату құрылғысындағы (АТҚ) электр жабдығының авариялық жұмыс режиміне байлансты май толтырылған аппаратта шартты қысқа тұйықталуға әкелді. Оқиға оқшаулаудың күйреуіне және трансформатор майының тұтануына әкелді. Жоғары жылу жүктеме май жүйесінің саңылаусыздануына әкеліп, соңында жанғыш сұйықтық көрші платформаға және кабельдік науаға төгілді. Нәтижесінде бұл өрттің іргелес орналасқан АТҚ ұяшықтарына, кабельдік жүйелерге және кернеу астында тұрған көршілес жоғары вольтты жабдыққа таралу қаупін тудырды.
Станцияның жедел персоналы нұсқауларды қатаң түрде орындады: диспетчерлер зақымдалған учаскені желіден ажырату үшін авариялық ауысып-қосу операцияларды өткізді, өрт сөндірушілер үшін қауіпсіз жұмыс ортасын дайындады, қызметкерлерді эвакуациялады. СҚО ТЖД-нің келген бөлімшелері, оның ішінде МӨСБ-1, МӨСБ -2, ӨСБ -3 өрт сөндіру бөлімшелері, АСО-20 авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, мамандандырылған АЦПТ бөлімшесі, «Семсер Өрт сөндіруші» мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі жедел түрде штаб құрды. Техника мен өрт сөндіру шлангілерін жерге тұйықтағаннан кейін құтқарушылар энергетиктермен бірлесіп өртті ауыздықтап, сөндірді.
Жаттығулар «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-ның автоматты қорғаныс жүйелерінің, Компания энергетиктерінің және СҚО ТЖД-нің өрт сөндірушілерінің төтенше жағдайлар кезіндегі бірлескен әрекеттерге дайындығының жоғары деңгейін растады, бұл Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысын электрмен жабдықтаудың сенімділігіне кепілдік береді.


