Петропавл 2-ЖЭО энергетиктері «Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін терроризмге қарсы қорғау» тақырыбындағы оқуға қатысты. Оқуды ҚР ІІМ Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді.
Іс-шараның мақсаты-стратегиялық маңызды объект қызметкерлерінің террористік қатерлердің алдын- алу және оларға қарсы іс-қимыл шаралары туралы хабардар болу деңгейін арттыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау.


