Петропавл  2-ЖЭО-да 2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы жылыту кезеңін өткізуге дайындық үшін ауқымды жөндеу бағдарламасы іске асырылуда. 2026 жылға арналған жоспарда бес қазандық агрегаты мен бір турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізу көзделген.

 

 "Қазіргі уақытта күрделі жөндеудің белсенді кезеңінде №6 ст. қазандық агрегаты бар. Бұл нысанда ақаулық кезеңі аяқталды, мердігер ұйымның мамандары жылыту беттерін жоспарлы түрде ауыстыруға және қосалқы жабдықты жөндеуге кірісті. Күрделі жөндеулермен қатар №2 ст. қазандық агрегатын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда, сондай - ақ қосалқы цехтардың жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде",-деді Петропавл 2- ЖЭО бас инженерінің жөндеу жөніндегі орынбасары Дмитрий Перемыкин.

 

Өткізілетін іс-шаралар кешені алдағы жылыту маусымында станцияның сенімді және апатсыз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.