Петропавл 2-ЖЭО-да қауіпсіздік техникасы күні өтті. Бөлімше басшылары өндірістік алаңдар мен станцияның негізгі учаскелерін аралап шықты.

Негізгі назар еңбекті қорғау талаптарының сақталуына, жұмыс орындарының жай-күйіне және қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға аударылды.

Мұндай іс-шаралар өндірістік процестердің ұйымдастырылуын бағалауға, ықтимал кемшіліктерді анықтауға, жұмыскерлермен өзекті мәселелерді талқылауға және қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі шараларды айқындауға мүмкіндік береді.

Қызметкерлердің денсаулығын сақтау және қолайлы еңбек жағдайларын жасау «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобы үшін басымдық болып қала береді.