Петропавл 2-ЖЭО-да алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын қорын жинау басталды.
«Бүгінгі таңда станция қоймасында отынның сенімді қоры жасақталды: 119 098 тонна көмір және 1943 тонна мазут бар. Жылу беру маусымының басына қарай бекітілген ең аз көмір қоры 145 440 тоннаны құрайды, бұл станцияның 20 күн бойы үзіліссіз жұмыс істеуіне есептелген. Жеткізу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр, ал бар отын көлемі станцияның тұрақты жұмысын толық қамтамасыз етеді», – деп хабарлады Петропавл 2-ЖЭО бас инженері Евгений Мосиенко.
Естеріңізге сала кетейік, жылу шығару қабілеті, күлділігі мен ылғалдылығы бойынша Петропавл 2-ЖЭО үшін негізгі отын түрі – Екібастұз бассейнінің тас көмірі болып табылады. Станция белгілі бір жобалық параметрлермен салынғандықтан, жылу мен электр энергиясын тиімді өндіру үшін барлық қазандықтарда сапасы мұқият тексерілетін осы жобалық отын ғана пайдаланылады..png)

