Петропавл 2-ЖЭО-да станцияның сенімді жұмысын және тұтынушыларды үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған дайындық іс-шараларының негізгі кешені аяқталып келеді.

Жоспарланған жұмыстардың едәуір бөлігі орындалды. Негізгі және қосалқы жабдықтарды күрделі және жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталды. Станция қызметкерлері үшін тұрмыстық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар кешені жүргізілді: душ бөлмелері, киім ауыстыратын орындар және буфет жөндеуден өтті.

Жылыту маусымына дайындық барысын Петропавл 2-ЖЭО директоры Дмитрий Захаров Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Талғат Испуловпен оның станцияға сапары барысында талқылады.

Барлық іс-шаралар бекітілген кестелерге сәйкес орындалуда. Жылыту маусымы басталғанға дейінгі қалған күндері мамандар жоспарланған жұмыстарды аяқтауға және станция жабдықтарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуге баса назар аударуда.