Петропавл 2-ЖЭО-да алдағы жылыту маусымына дайындықтың ауқымды жобаларының бірі – 9-шы, 10-шы және 11-ші секциялардағы кешенді тарату құрылғыларының (6 кВ КТҚ) ұяшықтарын ауыстыра отырып, электротехникалық жабдықтарды жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын.
Бүгінгі таңда 9-шы секцияда бақылау және күштік кабельдер ауыстырылып, іске қосу-реттеу жұмыстарының толық кешені орындалды және жабдық пайдалануға берілді. 10-шы секцияда 6 кВ КТҚ монтаждау жұмыстары аяқталып, жабдықты пайдалануға беру алдында іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. 11-ші секция пайдалануға берілді, бақылау және күштік кабельдерді ауыстыра отырып, қосылымдарды іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталып келеді.
Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда. Жабдықтарды жаңғырту станцияның электрлік бөлігінің тұрақтылығын арттыруға, технологиялық бұзылулар қаупін азайтуға мүмкіндік береді және жоғары жүктеме кезеңінде 2-ЖЭО-ның тұрақты жұмысы үшін қосымша негіз жасайды.
.png)
