Петропавл 2-ЖЭО-ның энергетиктері №9, 10 және 11-ші 6 кВ жиынтықты тарату құрылғысы секцияларының электртехникалық жабдықтарын қайта құруды аяқтады.
Қызметкерлер жаңа вакуумдық ажыратқыштар орнатып, релелік қорғаныс және автоматика жабдықтарын, шиналық көпірлерді, сондай-ақ қосылыстардың күштік және бақылау кабельдік байланыстарын ауыстырды.
«Қайта құру жұмыстары станция жабдықтары жұмысының сенімділігін арттырады, оның жұмысындағы іркілістерді болдырмайды, тұрақты қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсалатын шығындарды азайтады, сонымен қатар кәсіпорынның экологиялық және өрт қауіпсіздігін нығайтады», – деп атап өтті Петропавл 2-ЖЭО электр цехының бастығы Андрей Галкин.
Электртехникалық жабдықтарды жаңғырту 2026 жылдың мамыр айында басталды, бұл жобаны іске асыруға «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 1 млрд-тан астам теңге өз қаражатын бөлді.
