«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ «Петропавл 2-ЖЭО – Булаев – Мұнай» кернеуі 110 кВ электр беру магистральді әуе желісінде апатты-қалпына келтіру жұмыстарының толық аяқталғаны туралы хабардар етеді.
2025 жылдың 6 қазанында бөгде ұйым жүргізген топырақ өңдеу жұмыстарының нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникасы «Петропавл 2-ЖЭО – Булаев – Мұнай» кернеуі 110 кВ электр беру магистральді әуе желісінің тіреуішіне соқтығысқанын, еске саламыз.
Көрсетілген желі Мағжан Жұмабаев ауданындағы тұтынушыларды және Оңтүстік Орал теміржолының (ООТЖ) тартқыш қосалқы станцияларын электр энергиясымен қамтамасыз ететін, стратегиялық маңызды.
Апатты-қалпына келтіру жұмыстарын 2025 жылдың 9 қазанында «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қызметкерлері толығымен аяқтады. Оқиғаның салдарын жою үшін бұзылған тірек бөлшектеліп, СК-26 түріндегі жаңа темірбетон тірек орнатылды, сондай-ақ сымдар орнатылып, тартылды, бұл желінің толық сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Барлық тапсырмаларды жедел орындау үшін 8 қызметкер және 6 мамандандырылған техника бірлігі жұмылдырылды.
Алдын-ала бағалау бойынша «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ -ға келтірілген тікелей материалдық шығын шамамен 60 миллион теңгені құрды.
Қалпына келтіру жұмыстары кезінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілмегенін, баса айтқан жөн. Ресей Федерациясының және «Кокшетау Энерго» ЖШС-нің энергетикалық жүйелерін пайдалана отырып, ағындарды қайта бөлу арқылы үздіксіз электрмен жабдықтау қамтамасыз етілді.