Петропавл қаласының жылумен жабдықтау бойынша күрделі мәселелерінің бірі, ол заңсыз қосылып алу және шартсыз пайдалану болып табылады. 2025 жылы компания мамандары анықтап құжат бойынша тіркеген жылу энергия тонаудың 35 жағдайын анықтады. Заңсыз тұтынған энергия көлемі 1000 Гкал-дан жоғары болды.

 

«Жылу энергияны тонау жағдайларымен күресу — бұл экономика ғана емес қауіпсіздік мәселесі де болып табылады. Заңсыз желіге қосылып алу желінің гидравликалық режимін бұзады, соның салдарынан заңды түрде жылумен жабдықталатын тұтас үйлердің жүйелері аяздан қатып қалуға мүмкін. Біз осындай жағдайларды анықтау және тоқтату бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп жатырмыз», —Бас директордың өндіріс бойынша орынбасары – бас инженер  Максим Буландо деп айтты.

 

Компания кешендік жол қолданылады:

 

  1. Рейдтер өткізіледі, мамандар жылу желілерін анықтайтын аспаптарымен және басқа да құралдармен тұтынушылардың желілері мен нысандарын тексереді.
  2. Гидравликалық режимдер мен есепке алу аспаптарына мониторинг жасайды.
  3. Барлық анықталған жағдайлар бойынша актілер жаздырылады. Кінәлі тұлғалар мен ұйымдар ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Жылу желілеріне заңсыз қосылып алу туралы білсеңіз 8 7152 52-26-77 (қабылдау бөлмесі), 8 7152-52-26-86 телефондары арқылы бізге мәлімдеуге өтінеміз. Бірігіп қана Петропавл қаласының барлық тұрғындарын жылумен тұрақты, сапалы және әділ жабдықтай аламыз.