Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітілген, «Еңбек Жолы» ұлттық бйқауының облыстық кезеңінің қорытындысы жарияланды. Байқаудың мақаты-еңбек әулеттерін, тәлімгерлерді, жас мамандарды қолдау. Қатысушылардың өтініштерін мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер палатасының, кәсіподақ орталығының өкілдерінен құралған сараптамалық комиссия бағалады.

«Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясында «Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ электромонтёры Надияр Кунанбаев жеңімпаз атанды.

 Надиярдың кәсіби жолы қазірдің өзінде жоғары шеберлігі мен мамандығына берілгендігін айғақтап, қомақты марапаттарға ие болды:

  • Су тасқыны кезіндегі қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін «Ерен еңбегі үшін» медалі (2024).
  • «ОАЭК» АҚ кәсіби байқауларында бригаданың бірінші орны және «Үздік электромонтёр» атағы.
  • Қырғызстанда өткен беделді халықаралық энергетикалық жарыстарда күміс медалі.

«Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді. Ал мен үшін сапалы жұмыстың ең маңызды көрсеткіші-тұтынушыны электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету—деп, түйіндеді Надияр. — Күрделі жөндеуден кейін үйлердегі шамдардың жанып тұрғанын көргенде, бұл әрбір энергетик үшін ең жақсы награда».

Әуе желісінің электромонтёр мамандығы терең арнайы білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар ерекше жауапкершілік сезімін, физикалық төзімділікті және кез-келген төтенше жағдайларда жұмыс істеуге дайындығын талап етеді. Әсіресе Надияр Кунанбаев секілді жауапты және білікті мамандар облыстың энергия жүйесі жұмысының сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Надиярды лайықты жеңісімен құттықтаймыз және «Еңбек жолы» байқауының республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз!