«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да еңбек жағдайларын жақсарту және жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда. Бұл бағыттағы кезекті қадам – ауаны мәжбүрлеп беретін Guardian Air турбоблогы бар заманауи Guardian дәнекерлеу маскаларын сатып алу болды.

«Дәнекерлеу жұмыстары тыныс алу органдары мен көру қабілетіне жоғары жүктеме түсіреді, сондықтан жеке қорғаныс құралдарын таңдауға барынша қатаң қараймыз. Ауаны мәжбүрлеп беретін маскалар – бұл қауіпсіздіктің мүлдем жаңа деңгейі. Олар дәнекерлеу аэрозольдерінің тыныс алу жолдарына түсуін толығымен болдырмайды және қызметкерге сүзгіні ауыстыру қажеттілігі немесе қуат деңгейінің төмендегені туралы алдын ала хабарлайтын ескерту жүйесімен жабдықталған. Біз үшін әрбір қызметкердің үйіне аман-есен болып оралуы маңызды», – деді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер Тілеген Бекқожин.

Жаңа 5 дәнекерлеу маскасы бөлімшелерге жеткізіліп, қызметкерлер оларды іс жүзінде бағалап үлгерді.

«Бізде жаңа жабдық пайда болды, онымен жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл. Сүзгінің арқасында маскаға таза ауа беріледі, ал дәнекерлеуді бастаған кезде экран өздігінен күңгірттенеді. Бұл маскамен жұмыс істеу өте керемет», – деп бөлісті 4-разрядты электрмен және газбен дәнекерлеуші Руслан Кәкімов.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік қауіпсіздікті нығайтуға арналған заманауи әрі тиімді шешімдерді іздеу және оларды жұмыс орындарына енгізу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығы – біздің басты басымдығымыз!