Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-на жұмыс сапарымен келді. Бірінші Вице-премьер өткен жылыту маусымының қорытындысына баға беріп, энергетика нысандарының алдағы қысқа дайындық барысын тексерді.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский өз баяндамасында станцияның 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңді штаттық режимде өткізгенін мәлімдеді. Тұтынушылардың жылу және электр жүктемелері толық көлемде қамтамасыз етілді. Ешқандай авариялық жағдайлар орын алған жоқ.

2025 жылы энергетиктер орасан зор жұмыс көлемін жасады:

үш қазандық агрегатын (№3, 6, 11) және екі турбоагрегатты (№2, 7) күрделі жөндеу өткізді; 8 қазандық пен 4 турбинаға ағымдағы жөндеу өткізді; меншікті қажеттіліктер трансформаторларды ауыстырды, теміржол жолдары мен станция ғимараттарын жөндеді, сондай-ақ жаңа ТЭМ-9 тепловозын сатып алды; тұрақты көздерде шығарындыларды бақылайтын автоматты жүйелер орнатты.

2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша жалпы инвестициялық және жөндеу бағдарламасы 20 млрд теңгеден аса құрайды (өз қаражаты). Ағымдағы жөндеу науқаны:

  • №2 қазандық агрегатын және №1 турбоагрегатты қайта құруды жалғастыруды;
  • бес қазандықты (№6, 8, 9, 10, 11) және №4 турбоагрегатты күрделі жөндеуді;
  • №3 газ құбырлары мен түтін мұржасын қайта құруды;
  • жиынтық тарату құрылғыларын (6 кВ ЖТҚ)қайта құруды;
  • қосалқы жабдықтарды ағымдағы жөндеу, сондай-ақ № 2 күл үйіндінің қорғаныс бөгеттерін кеңейтуді қамтиды.

Барлық жұмыстар бекітілген кесте бойынша қатаң түрде жүргізіліп жатыр.

Сапар соңында Нұрлыбек Нәлібаев №2 қазандық агрегаты мен №1 турбоагрегатты қайта құру және №4 турбоагрегатты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан алаңдарды аралап көрді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары нысанның өңір үшін стратегиялық маңыздылығына тоқталып, барлық жоспарланған жұмыстардың сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.