«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бас директоры Александр Чекулаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовты Аққайың ауданындағы 220/35/10 кВ «Смирново» қосалқы станциясын қайта құру барысы туралы таныстырды.
«Смирново» қосалқы станциясы 1969 жылы пайдалануға берілді, Трудовое а, Григорьевка а., Кенжеғалы а., Көктерек а., Астраханка а., Чапаево а., Трудовая Нива а., Қызыл-Жұлдыз а., Ленинское а., Дайындық а., Рублевка а., Аралағаш а. қоса, шамамен 3 мың тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Барлығы 2024-2026жж. қайта құру барысында шамамен 1,225 млрд. теңгені игеру жоспарлануда. 2024 жылы «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ инвестициялық бағдарлама шеңберінде қосалқы станцияны қайта құру үшін жабдық сатып алды.
Жоспарланған жұмыстар:
- моторлы басқарылатын 220 кВ ажыратқыштарға 220 кВ қолмен басқарылатын 220 кВ ажыратқыштарды ауыстыру
- ОПН-220 кВ-ға РВМГ-220 кВ ажыратқыштарды ауыстыру
- 220 кВ элегазды ажыратқыштарға ОД, КЗ 220 кВ ауыстыру
- Блок-модульдік ғимаратта РУ-10 кВ-ға РУ-10 кВ ауыстыру
Сондай-ақ 2025 жылы вакуумды ажыратқыштармен ОРУ-35 кВ блоктарға майлы ажыратқыштармен ОРУ-35 кВ блоктарын ауыстыратынды қоса, ОРУ-35 кВ жаңғырту үшін жабдық сатып алынды. Энергетиктер ОРУ-35 кВ жаңғырту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылы жүзеге асыруды жоспарлауда.
Бұдан басқа, 2025 жылдың инвестициялық бағдарламасы келесі іс-шараларды қарастырады:
- Петропавл қ. ЗРУ 10 кВ ПС 110/10 кВ № 1 қайта құру
- «Тимирязево-Б. Хмельницкий» ӘЖ-35кВ қайта құру
- «ЖЭО-2-Сибирь» ӘЖ 110кВ найзағайдан қорғау тросын ауыстыру
- СҚО-да ӘЖ 35-110 кВ күрделі жөндеу
- Петропавл қ. ЖП, КТПН 10/0,4 кВ жабдықты және бес ғимаратты қайта құру
- «Новомихайловка» және «Николаевка» ҚС РУ 10 кВ жабдығын жаңғырту
- «Тимирязево» және «Сибирь» ҚС 220кВ, ЗРУ 10кВ ПС 110/10кВ №5 қайта құру үшін ТМҚ сатып алынды.
«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ балансында 13,029 мың км электр беру желісі бар, сондай-ақ 0,4-220 кВ қосалқы станцияның 2 341. Акционерлік қоғамның электр желілерінің тозуы 97% аса құрайды. Жыл сайын инвестициялық бағдарлама және жөндеу қоры шеңберінде күштік жабдықтар мен негізгі құралдарды жөндеу және қайта құру бойынша іс-шаралар көзделген. Алайда, бұл құралдар тек тозу деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді.
2025 жылы кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасымен 4,155 млрд теңгеден аса меңгеру жоспарланған.