«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама жобаларын орындау бойынша баспасөз-турын өткізді. Қатысушылар арасында БАҚ, қоғам өкілдері, депутаттар болды.

Инвестициялық бағдарлама желілер мен жабдықтарды жаңартуға, негізгі қорлардың тозуын азайтуға, тұынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында екі жобаны орындау жоспарланды:

  • Ружейников к. бойындағы №6 жылу магистралін қайт жаңарту;
  • Кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізумен, «№9 жылу магистралін қайта жаңарту» жобаның жобалық -сметалық құжаттамасын әзірлеу.

«Ружейников к. бойындағы №6 жылу магистралін қайт жаңартуды» «Строительное Управление Энергострой» ЖШС мердігерлік ұйым орындайды. Жобаны жүзеге асыру кезеңі – 2024-2026 жылдар.Қайта жаңартуға жататын, учаскенің жалпы ұзындығы 1,7 км құрайды. 2024 жылы 685 метр орындалды, 2025 жылы Гоголь к.-нен Халтурин к. дейін Ружейников к. бойы құбырдың 890 метр учаскесі қайта жаңартылады. Ағымдағы жылы жұмыс 1 мамырда басталды.Шарт талаптарына сәйкес, жұмыс жылыту маусым басталғанға дейін орындалуы тиіс»-деп,«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер Максим Буландо айтты.

Ағымдағы жылы «Ружейников к. бойындағы №9 жылу магистралін қайт жаңарту» жобасын кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу арқылы жобалық- сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланды. Құбырдың ұзындығы - 1,350 км, диаметрі – 400 мм құрайды. Құбырдың осы бөлігі ілеспе коммуникацияларға жақын орналасқан, бұл тозуға қосымша әсер етеді және технологиялық бұзулар қаупін арттырады.Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау 2026-2027 жылдарында жоспарланған.

Бұдан басқа, жылу энергетиктер «№3 жылу магистарлінің құрылысы» және «№8 жылу магистарлінің құрылысы» екі жобаны кейіннен кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткізіп, жобалау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Бұл жылу желілерінің учаскелері 1979 жылы пайдалануға берілді, табиғи тозу 80%-дан асады.

Максим Буландо айтуынша, кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы 2025 жылдың соңына дейін 100% орындалады деп, күтілуде.