«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС 2025 жылғы 12 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес гидравликалық сынақтарды жүргізуді бастайды.

Сынақ мақсаты- келесі жылыту маусымына дайындалу үшін жылу желілерінің жабдығы мен құбырларының ақауларын анықтау.

Сынақ кезінде жер асты және жер үсті орындалудағы магистральдық желілер жұмыс қысымынан 25%-ға жоғары болады. Желі суының температурасы +40 градустан аспайды.Жұмыс 10 күн ішінде жүргізіледі, осы кезеңге Петропавл қаласын ыстық сумен жабдықтау тоқтатылатын болады.

Сынақтар аяқталғаннан кейін кезең-кезеңмен тұтынушылар қосылатын болады. Анықталған зақымданулар бар учаскелер жөндеу үшін өшірілетін болады, бұл тиісті тұрғын үйлерде ыстық сумен жабдықтауға уақытша әсер етеді.

Жұмыстарды аяқтау және ЫСЖ қосу мерзімдері туралы әлеуметтік желілер және МИБ/ПИК төрағалары арқылы хабарланатын болады.
«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС қажетті материалдармен қамтамасыз етілді және мүмкін болатын технологиялық бұзушылықтарды жою үшін персоналды дайындады.