Құрметті тұтынушылар!
Осы жылдан бастап Қазақстанда желілерге қосылуға немесе қуаттылықты арттыруға техникалық шарттар алу үдерісі толықтай цифрлық форматқа көшті («Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер негізінде).
Өтінімді тек электрондық мемлекеттік сервистер арқылы беруге болады:
eGov.kz «электрондық үкімет» порталында.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы.
gov.ggk.kz сайтындағы мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған жүйесі арқылы.
Назар аударыңыз: Егер сізге техникалық шарттарды ұзарту, күшін жою немесе олардың телнұсқасын алу қажет болса, сіз қағаз түріндегі құжаттарды «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-на (Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы, кеңсе) тапсырасыз.
Қосылуды жоспарлау кезінде жаңа ережелерді ескеріңіздер!.png)

