Құрметті тұтынушылар!
«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ 2026 жылғы желтоқсаннан бастап бірыңғай төлем құжаттарында (БТҚ) тұтынушының тегі, аты және әкесінің аты көрсетілмейтінін хабарлайды.
Бұл өзгеріс «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңының талаптарына сәйкес енгізілуде.
Назар аударыңыз! Қағаз түріндегі төлем құжаттары бұрынғы тәртіппен сіздің нақты мекенжайыңыз бойынша жеткізілетін болады.
Жеке үй иелері үйдің қасбетіне үй нөмірін орнатуы және оның күйін қадағалауы қажет. Бұл талап Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларының 31-тармағының 2-тармақшасында көзделген.
