Петропавл 2-ЖЭО-да  Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан   университетінің  4 курс студенттері үшін  ең  «ыстық»  сабақтардың бірі өтті!  «Қазақстаннның  экономикалық және әлеуметтік географиясын»  оқи отыра, болашақ мамандар  бүкіл қалаға жарық пен жылуды беретін, қала құраушы кәсіпорын-станцияға барды.  

 

Станция қызметкерлер тарихты айтуға  болашақ  сарапшылар үшін тереңдетілген экскурсия өткізді бас өндірістік цехтарды көрсетті. Балалар 2-ЖЭО-ның нағыз «миын», басқарудың бас қалқанын көре алды, онда 24/7 станция жұмысының барлық негізгі көрсеткіштері бақылауда.   

 

Өндірістегі мұндай кездесулер әрқашан әсерлі.  «Бұл өте қызықты экскурсия болды.Бізге осы ұйымның егжей-тегжейлері, жұмыс механизмдері айтылды. Біз өзіміз үшін  университеттегі дәрістерде  оқығанымызды, білдік»– деп, «География  және  табиғат пайдалану» білім бағдарламасының 4-курс студенті -Нурия Талгатова  өз эмоциясымен бөлісті.  

 

Біз сенімдіміз: осындай практикалық сабақтар ой-өрісті кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіби жолды құруға шабыттандырады.  Петропавл 2-ЖЭО - бұл теориялық білім нақты энергияға айналатын орын.