2025 жылы «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ ұжымы электр желі тарату кешенін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар өткізді, ол 427 км электр тарату желілерін жөндеді. Осындай жұмыстың негізі жалпы көлемі 3,5 миллиард теңгеден жоғары қаражатқа табысты орындалған инвестициялық және жөндеу бағдарламалары. Бұл қаражат шоғырланып кәсіпорын қызмет көрсететін барлық аумақ бойынша энергоинфрақұрылымының негізгі нысандарына тиімді құйылды.

Бағдарламалар шеңберінде маңызды жобалар орындалды, оның ішінде:

  • 220/35/10 кВ «Смирнов» қосалқы стансасының (Аққайың ауданы) реконструкциясы. 10 кВ тарату құралғысы (ТҚ) жинақталды, 220 кВ қуатты трансформаторлары мен заманауи элегаз ажыратқыштары орнатылды. Реконструкция 2026 жылы аяқталуға жоспарланды.
  • Петропавл қаласында №11 қосалқы стансасы жаңғыртылды, 10 кВ жабық тарату құралғысы (ЖТҚ) толығымен жаңартылды.
  • «Новомихайловка» және «Николаевка» қосалқы стансалары техникалық қайта қаруландырылды. Ескі жабдықтар заманауи вакуум ажыратқыштарына (әрқайсысы 10 кВ жағында 9 бойынша) ауыстырылды. Осында ескірген жабдықтар заманауи жабдықтарына ауыстырылды, бұл жұмыстар Мамлют және Есіл аудандары тұтынушыларының электрмен жабдықтау сенімділігін көтерді.
  • «2 ЖЭО–Сібір» 110 кВ стратегиялық маңызды әуе желісінде ұзындығы 109,7 км нажағай тросы ауыстырылды.

Сонымен қатар облыстың әртүрлі елді-мекендерінде 40 дана 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станса (ТфҚС/СЖТфҚС) және 35–110 кВ класты 7 қосалқы стансаның күрделі жөндеуі жасалды.

Электр тарату желілеріндегі жасалған жөндеу жұмыстарының жалпы көлеміне кіреді:

  • 123,9 км 110 кВ ӘЖ;
  • 143,3 км 35 кВ ӘЖ;
  • 140,9 км 10–0,4 кВ желісі;
  • 1 812,5 м кабіл желісі;

 Және де 397 дана қосу муфтасының ауыстырылуы.

«Орындалған шаралар Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының барлық тұтынушыларын тұрақты және үзіліссіз энергиямен жабдықтауға бағытталады», - деді «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бас директоры Александр Чекулаев.