2025  жыл ішінде «Петропавл  Жылу Жүйелері» ЖШС қызметкерлері  6 км астам  жылумен жабдықтау желісіне  күрделі  жөндеу жүргізді және  жүйенің сенімділігін арттыру үшін ілеспе жұмыстар кешенін орындады.   

 

Негізгі орындалған жұмыстар:  

∙6 км астам жылу желісіне күрделі  жөндеу жүргізілді, 188  бірлік бекіткіш арматура ауыстырылды;  

∙ 38 жылу камерасына жөндеу жүргізілді;  

∙сынақты қоса, магистральдық сорғы станцияларында  сорғы және электр қуаты жабдығына ағымдағы жөндеу жүргізілді;    

∙ асфальт жабындысы қалпына келтірілді, ғимараттар мен құрылыстар жөнделді;   

∙ сальникті өтеуіштер жөнделді.  

 

«2025 жылға арналған  инвестициялық бағдарлама шеңберінде  магистарльдық желілер қайта жаңартылды,  үш жылу магистралін қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Біз сорғы станциялар мен жылу пунктарын жаңғырту үшін жабдық, сондай-ақ  зақымдануды анықтау және өлшеу дәлдігін  бақылау  үшін  ең жаңа диагностикалық құралдар сатып аламыз» – деп,«Петропавл  Жылу Жүйелері» ЖШС бас директоры  Виталий Холоша атап өтті.

 

Инвестициялық бағдарламаны орындау үшін  сорғы және жылу алмастырғыш жабдық, ағындыны іздеуші, манометрлер мен қысым түрлендіргіштерді калибрлеуге арналған пресс сатып алынды.   

 

«Атқарылған жұмыс-Петропавл қаласының жылу жүйесін жаңғыртуға қосылған үлес, оның сенімділігін арттыру, жылу шығынын азайту және тұтынушылардың жайлылығын қамтамасыз ету болып табылады»– деп, Виталий Холоша түйіндеді.