Петропавл 2ЖЭО келе жатқан жылу беру маусымынан сенімді және үзіліссіз өту үшін инвестициялық жобалар мен жөндеу жұмыстарына 26 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды

Қазіргі таңда бірқатар негізгі жұмыстары аяқталды:

Келесі күрделі жөндеулер аяқталды:

  • № 6 және № 11 қазан агрегаттары
  • № 2 турбо агрегаты

Келесі ағымдағы жөндеулер аяқталды:

  • № 1, 4, 7, 8, 9, 10, 12 қазан агрегаттары
  • № 3, 4, 6 турбо агрегаттары

 Аяқталуға жақын:

  • № 7 турбо агрегатының күрделі жөндеуі
  • № 3 қазан агрегатының күрделі жөндеуі
  • № 5 қазан агрегатының ағымдағы жөндеуі

Сонымен қатар аяқталуға жақын негізгі және қосалқы жабдықтарының регламенттік жөндеулері жасалды.

 Маңызды орындалған жобалар:

  •  Тексеру және сараптама жасау: №2 және №3 түтін мұржаларын тексеру нәтижесінде оларды қауіпсіз пайдалану мерзімі ұзартылды.
  •  Инфрақұрылыма: стансаның темір жолдарына күрделі жөндеулер жасалды.
  •  Экология: Ауаға тастаудың станционарлық көздерінде мониторинг бойынша автоматтандырылған жүйелерін орнату жобасы орындалды.

 Ағымдағы ауқымды жобалар:

№2 стационарлық қазан агрегатының реконструкциясы жалғасуда.

Газ жолдарын қайта қосу және аумақты абаттандыруымен жаңа түтін мұржасы бойынша жұмыстары аяқталуға жақын.

Төмен температуралар кезінде жылу электр орталығы 20 тәулікке, яғни  135 704 тонна азайтылмайтын көмір қорымен қамтамасыз етілуге тиіс. Осындай талаптар 2ЖЭО мен Екібастұз көмір әуіті арасындағы арақашықтығымен байланысты.  Қазіргі таңда стансада 131 тонна көмір бар. Аптаның аяғында кейін әрі қарай толықтырып тұруымен толық нормативтік қоры қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде стансада 1035 тонна мазут бар.

Петропавл 2ЖЭО келе жатқан жылу беру маусымының басына және одан өтуіне толығымен дайын деп айтуға болады!