2025 жылы еліміздің ең қуатты жылу электр орталықтарының бірі-Петропавл 2-ЖЭО -тұтынушыларға 1,8 млн Гкал жылу энергиясын және бу түрінде 8,2 мың Гкал босатты. Кәсіпорын жұмысының алдын-ала қорытындылары туралы Петропавл 2-ЖЭО директоры Дмитрий Захаров Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаменті ұйымдастырған, тұтынушыларды қоғамдық қабылдауында хабарлады. Кәсіпорын басшылығы ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске асыруа және негізгі өндірістік көрсеткіштерге ерекше назар аударады.
 
«Нақты өндіріс шығындары тарифке салынғаннан 26.2%-ға асады деп күтілуде-деп, Дмитрий Захаров хабарлады. - Өзіндік құнның өсуінің негізгі себебі сыртқы нарықтық факторлар болады: шикізаттың, материалдардың, жанар-жағармай материалдардың айтарлықтай қымбаттауы,сондай-ақ көмірді теміржолмен тасымалдауды қоса, логистикаға шығындардың артуы».
 
2025 жылы жылу энергиясын өндіруге тарифтер құрылды:
· 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап: 5 500 теңге/Гкал.
· 2025 жылғы 16 наурыздан бастап: 6 310 теңге/Гкал.
 
Бу түрінде жылу энергиясын өндіруге, беруге және жабдықтауға тариф (3 697 теңге/Гкал) 2022 жылғы ақпаннан бастап өзгеріссіз қалады.
 
2025 жыл -Петропавл 2-ЖЭО инфрақұрылымын белсенді жаңғырту кезеңі болды. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде стратегиялық маңызды жобалар іске асырылды:
 
· ст. №2 қазандық агрегатын қайта жаңарту бойынша жұмысты жалғастыру.
·Жылу қуатын беру схемасын жаңғырту
· №6 бойлерлік қондырғының екі негізгі бойлерін ауыстыру.
· ст. №1 турбоагрегатты қайта жаңартуды аяқтау.
 
Станцияда сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, кешенді жөндеу іс-шаралары табысты жүргізілді:
·Негізгі жабдықты күрделі жөндеу: ст. № 3, 6, 11 қазандық агрегаттарын және ст. № 2, 7 турбоагрегаттарды;
· Алты қазандық агрегатты, төрт турбоагрегатты және негізгі цехтардың жабдықтарын ағымдағы жөндеу;
· Техникалық қызмет көрсету және диагностика: жабдықты куәландыру, түтін мұржаларын және құбырларды зерттеу, гидротехникалық құрылыстарды тазалау, автоматика жүйелерінің және жүккөтергіш механизмдердің сервисі.
 
«Инвестициялық және жөндеу бағдарламаларының барлық іске асырылатын және аяқталатын жобаларында біріңғай мақсат бар-станцияның сенімділігі мен тиімділігін арттыру.Бұл техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға тікелей жол, сайып келгенде -біздің тұтынушылар үшін жылумен жабдықтаудың жоғары сапасына кепілдік берілген»-деп, Дмитрий Захаров қорытындылады.