Петропавл 2-ЖЭО, Солтүстік Қазақстанды өмірлік қажетті энергиямен қамтамасыз ететін, ірі өнеркәсіптік кәсіпорын, қоршаған ортаға әсерін төмендетуде айтарлықтай прогресс көрсетеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша станция ластаушы заттардың нақты шығарындыларын қысқартты, бұл ол үшін белгіленген 38,3 мың тонна рұқсат етілген жылдық лимиттен 26,7%-ға төмен.

Қол жеткізілген нәтиже кездейсоқтық емес, заманауи технологиялар мен жүйелік жұмыстарды енгізудің салдары.

«Мұндай айтарлықтай төмендеудің тікелей себебі негізгі жабдықтың тиімділігін арттыруға бағтталған 2025 жылдың жоспарлы техникалық іс-шаралар болды- деп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Николай Максимов атап өтті . —Әңгіме қазандық агрегаттарының қыздыру беттерін қалпына келтіру, күл ұстау жүйелері мен газ құбырларын жөндеу жұмыстары туралы болып отыр».

Негізгі рөлді шығарындылардың негізгі көздерінде орнатылған автоматтандырылған бақылау жүйесі (АБЖ) атқарады. Датчиктер нақты уақыт режимінде түтін мұржаларынан шығарындылардың көлемі мен құрамын тіркейді, ал деректер автоматты түрде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық дерекқорға жіберіледі. Бұл жүйе субъективті қателікті жояды және бақылаушы органдарға да, халыққа да объективті көріністі көруге мүмкіндік беретін толық ашықтықты қамтамасыз етеді.

I санатты объект болып, кәсіпорын ерекше экологиялық қадағалауда. Тек жыл басынан бастап оның өнеркәсіптік алаңында станцияның, өңірлік экология департаментінің және тәуелсіз аккредиттелген зертханалардың мамандары ауа, су және топырақ сынамалары бойынша 4 000-нан астам зерттеулер жүргізді. Барлық тексерістердің нәтижелері белгіленген нормативтерге сәйкестігін растайды.

Алайда жұмыс мұнымен тоқтамайды. 2026 жылға арналған экологиялық жаңғыртудың бекітілген «жол картасы» шеңберінде ауқымды жобалар старты жоспарланды:

  • Шығатын газдар үшін тазарту құрылыстарын ауыстыру, бұл зиянды заттардың концентрациясын одан әрі төмендетуге мүмкіндік береді.
  • Табиғи ресурстарға жүктемені азайту үшін техникалық суды қайта пайдалануды кеңейтуді қоса алғанда, қазандық агрегаттарын қайта жаңарту және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту.

Осы шаралардың толық іске асырылуы болашақта жылдық шығарындылардың тағы 4,5–4,7 мың тоннаға қысқаруына алып келді деп, күтілуде.

2-ЖЭО қызметкерлерінің экологиялық жауапкершілігі өндірістік процесстер шеңберінен шығады.Белое көлі- техникалық су қоймасының экожүйесін қолдау үшін — энергетиктер оның биологиялық оңалту бағдарламасын іске қосады. Қазірдің өзінде 2026 жыл ішінде көлге алғашқы партияны шығару жоспарлануда-бағалы балық тұқымдарының 20 мың шабағы, ал бағдарлама барлығы 100 мың шабақпен балық аулауды көздейді.

Станция қызметекерлері қоғамдық экологиялық бастамаларда да белсенді ат салысады. «Таза Қазақстан», «Жер сағаты», және «Дүниежүзілік тазалық күні» секілді республикалық акцияларды қолдап қана қоймай, энергетиктер ӨҢІРДІ көгалдандыруға жеке үлесін қосады. 2025 жылы қазірдің өзінде ПЕТРОПАВЛ санитарлық-қорғау аумағында 68 ағаш отырғызды. 2038 жылға дейін кәсіпорын жоспарларында -өз аумағында және Петропавл қалалық кеңістігінде 4 250 ағаш отырғызу, оның ішінде 150 ағаш келесі жылы отырғызылатын болады.

Петропавл 2-ЖЭО тәжірибесі заманауи жылу энергетикасының өңір экономикасы үшін қажетті тиімді өндірісті қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына ұқыпты қараумен үйлесімді үйлестіре алатынын, айқын дәлелдейді.